Сайт таратқан мәліметтерге қарағанда, Жетісай ауданында - 11, Кентау қаласында - 2, Арыс қаласы - 1, Ордабасы, Сарыағаш - 1, Мақтаарал - 4, Сайрам ауданында – 2 адамнан вирус анықталды. Осылайша өңірде қауіпті вирус жұқтырғандар саны 23 адамды құрап отыр.
Олар осыған дейін COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған.
Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.
Осыған дейін 1 адамның өлімі тіркелгендігі хабарланды. Ол - Жетісай ауданының 1956 жылғы тұрғыны болып шықты.