ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында көктайғақтан Ащысай-Шолаққорған жолы жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жамбыл облысының шекарасынан – Құмкент-Шолаққорған-Ащысай» бағытындағы КХ-56 тас жолының 40-76 шақырымында жол жабылды», - делінген 112 қызметінен таратылған ақпаратта.
Ал, қазіргі таңда полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік атқарып жатыр. Арнайы бекеттерде көліктердің өтпеуін қадағалап, ескертулер жасауда.
Айта кетейік, кешелі бері күн райының бұзылуына байланысты Түркістан облысындағы жағдай күрделене түсті. Жаңбырдан соң күн суытып, жолдарды көктайғақ басты.
Фото: gov.kz
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.