Түркістан облысында көлікті қарсы бағытқа айдаған жүргізуші жауапқа тартылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында көлігімен қарсы бағытқа шығып, жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: Түркістан облысы полиция департаменті

Оқиға Жетісай ауданында болған. Жүргізуші көлікті қарсы бағытқа қарай айдап, оны видеоға түсіріп алған. Кейін әлеуметтік желіге жүктеген. Оның бұл әрекетін желі арқылы бірден байқаған тәртіп сақшылары «жүгенсіз» жүргізушіні іздеп тапты.

«Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 5-бөлігі»Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу«мен 599-бабы 1-бөлігі»Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту«бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал көлік айыптұраққа қойылды» - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.