Түркістан облысында көпбалалы ана мемлекеттік бағдарламаның арқасында өз кәсібін бастады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда көпбалалы ана мемлекеттің бағдарламаның арқасында өз кәсібін бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыщ қызмет таратқан ақпараттарға қарағанда, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Түлкібаста тамшылатып суғару әдісінің жемісін көріп отырған тұрғындар көп. Қазіргі уақыттың өзінде ауданда 31 тұрғын тамшылатып суғару әдісін енгізген.

Солардың бірі көпбалалы ана Жыланды елдімекенінің тұрғыны Айтбаева Гулбахира Абдуллақызы. «Нәтижиелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында «тамшылатып суғару әдісі» және мал шаруашылығын дамыту бағытында 555600 теңгеге қайтарымсыз грант алып, шағын ауласында жұмысын бастаған.

Алғашында көпбалалы аналарға қолдау берілетінін естіген ол тез арада құжаттарын жинап, өтінім берген.

Оның сөзінше, несиені алғалы отбасының жағдайы едәуір түзеліп қалған. Алынған қаржының 200 мың теңгесіне «тамшылатып суғару құрылғысын», ал қалған қаржыға сауынды сиыр сатып алған.

«Бүгінгі таңда тамшылатып суғару құрылғысын үй іргелік 10 сотық жеріне орналастырып, ол жерге қырыққабат, қызанақ, картоп, қияр, болгар бұрышын егіп, алған өнімімнен қысқа дайындауда. Ал, сауын сиырдан шығатын сүтті аудандық «Майлыкент-Сүт» ЖШС өткізіп, пайда тауып отыр»,-делінген хабарламада.