«Атап айтқанда, Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мектептер мен көшелерде тексеру жұмыстарын күшейтті. Әсіресе, жас түлектердің қызық қуып, қандай да жол ережесін бұзбауы, тау-қырға шығамыз деп, апатты жайттарға тап болмауы қатаң қадағалауға алынды. Нәтижесінде кәмелет жасына толмаған мектеп бітіруші 3 жасөспірімнің құжатсыз автокөлік жүргізгенін анықтап, олардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігімен хаттама толтырылды. Жасөспірімдер айдаған екі көлік ресейлік нөмірмен болған», - делінген мәлімдемеде.
Сонымен қатар, мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік айдаған 2 жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 1-бөлігімен «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша жауапқа тартылды.
«Қазіргі таңда 4 автокөлік айыптұраққа қойылды. «Соңғы қоңырау» күніне арналған арнайы рейдтік шара түнгі мезгілде де жалғасады», - деп толықтырады облыстық ПД баспасөз қызметі.