Мерекелік жиында өз қызметтерін адал атқарып жүрген 80-ге жуық полицей марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Салтанатты шарада ПД басшысының орынбасары, полиция полковнигі Б.Халықов арнайы құттықтау сөз сөйлеп, сұрапыл соғыста жеңіске жетуге атсалысқан ардагерлерге өз лебізін білдірді. Сондай-ақ, халықтың мызғымас тыныштығы үшін еңбек етіп және күндіз-түні қызметте жүрген ПД-нің полицейлерін құттықтады. Осы салада ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, өмірден озған соғысы ардагерлерінің рухына бас иіп, тағзым етуге шақырды.
Жиында қос мерекеге орай жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін бірқатар полицейдің қызметтік шендерін жоғарылатып, төсбелгілер мен алғыс хаттар табысталды. Шара соңы полицейлер патриоттық әндерді шырқап, мереке соңы концертке ұласты.