Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында отыр.
«ҚР ҚК-нің 389-бабы «өзінше билік ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Түлкібас аудандық полиция бөлімі бастығының Шымкенттегі автосалондардың бірінен көлікті заңсыз айдап кеткені туралы ақпарат тараған еді. Полиция подполковнигінің «GCA-Оңтүстік» ЖШС-не қарасты автосалоннан «Киа Саренто» көлігін өз бетімен мініп кеткені айтылған болатын.
Еске салсақ, Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген 8 көлік анықталды.