Түркістан облысында мақтаға ортақ баға белгіленеді
Басқосуда биылғы күзгі мақта теру науқанының барысы, мақта қабылдау бекеттерінің бүгінгі жай-күйі мен ақ алтын бағасы сөз болды. Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың айтуынша, мақта бағасын көтеру әрі нақтылау мәселесінде зауыт басшыларын ортақ шешімге келуі тиіс. Әрі бұл шешім шаруаларға да тиімді болуы керек. Сондай-ақ, аудан басшысы мақта қабылдау бекеттерін талапқа сай жұмыс істеуге, күзгі жиын-терімді тиімді ұйымдастыру қажеттігіне тоқталды.
Айта кетейік, әзірге өңірде мақта теру науқаны басталған. Жергілікті зауыттар ақ алтынның бағасын тоннасына 170 мың теңгеден белгілеген болатын. Бәсекелестік ортада мақтаның бағасы 200 мың теңгеге дейін көтеріледі деген болжам бар.