Облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік және санитариялық-дезинфекциялық талаптарды мұқият сақтауға шақырады.
Сонымен қатар, кез-келген мерейтойлар, еске алу, шығарып салу, құдалық, той, беташар және тағы басқа жиындарға тыйым салынады.
Әр адам жеке бас гигиенасын сақтай отырып, көшеде, қоғамдық орындарда, адамдар көп жиналатын нысандарда міндетті түрде бетперде режимін және әлеуметтік арақашықтықты сақтауы қажет.