Қазіргі таңда өңірде облыстық полиция департаменті қызметкерлері мал иелерінің жауапкершілігіне қатысты түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр.
Ауыл тұрғындарының малдарын сырғалау және таңбалау жұмыстары атқарылуда.
Мал ұрлығын алдын алу бағытында түнгі рейд ұйымдастырылып, құжатсыз мал тасымалдаған 200-ден астам автокөлік тексерілген.
Мал құжатын көрсете алмағандарға 32 хаттама толтырылып, аудандық ветеринария бөліміне жолданды.
Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға заңсыз тасымалдаулар, белгіленбеген орындарда малды сою, ен-таңбасы жоқ малды саудаға салу деректерін болдырмау мақсатында жұмыстар жалғаса беретінін ескертеді.
Сондықтан малды қараусыз жібермей, бақташы жалдауға, уақытылы ен-таңба салдыртып, құжаттандыруға кеңес береді.