ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жылқышы 1 үйір жылқыны сатып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Қазығұрт ауданында болған. Танысына 12 бас жылқысын сеніп тапсырған жергілікті тұрғын 4 млн теңге көлемінде шығынға батты.
Жылқышы сеніп тапсырылған бөтеннің малын сатып, ақшасын бас пайдасының қажетіне жаратып жіберген.
«Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.