Басқармасының басшысының сөзінше, аталған мобильді қосымшаның көмегімен дәрігерге 28 645 қабылдауға жазылу, 1 249 үйге шақырту, 5 032 жүктілігіне байланысты есепке тұру және 23138 рет 5 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарын тіркеу сынды қызметтер көрсетілген.
«Облысымыздағы 49 емханада денсаулық сақтау саласында тұрғындар көмегін ең жиі пайдаланатын дәрігерді үйге шақырту, дәрігердің қабылдауына жазылу, медициналық ұйымдарға тіркелу сынды қызметтерді жүзеге асыратын медициналық ақпарат жүйесі іске қосылды. Түркістан облысы бойынша қағазсыз технология 2018 жылдың 2 сәуірінен бастап іске қосылды. Облыс бойынша медициналық құжаттаманы қағазсыз негізде жүргізу 32 пайызды құрап отыр», - деді Бастар Есқараев.
Жылдың соңына дейін денсаулық сақтау саласын 100 пайыз техникамен қамтамасыз етіп, толығымен қағазсыз құжат айналымына өту жоспарланған. Сондай-ақ, мобильді қосымшасымен тұрғындардың 30 пайызын қамту көзделіп отыр.