Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталған адам орта дәрежелі мас күйінде болғаны анықталды. Ол дәретханаға кіргенде ішінде екі оқушы қыз болған. Полицейлер мен мұғалімдер жедел әрекет етіп, күдіктіні қолға түсірді.
«Осы оқиға бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Қыздардың денсаулығына еш қауіп келмеген. Күдікті қамауда. Сондай-ақ тексеру кезінде ер азаматтың 2002 жылдан бастап психоневрологиялық диспансерде есепте тұратындығы анықталды», - делінген хабарламада.
Атап өтсек, аталмыш мектепте бейнебақылау камералары ғимараттың ішінде, аулада, дәретхананың жанында және мектепке кіреберісте орнатылған.