ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында мектеп формасы бекітілді. Жаңа оқу жылында өңірдегі оқушылар қара көк түсті форма мен ақ жейде киеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мектеп оқушыларының формасына қатысты әлеуметтік желіде айтылып жатқан түрлі пікірлерге орай Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы жауап берді.
«Түркістан облысы ата-аналарының назарына! Мектеп формасына бір ғана талап қойылып отыр: қара көк түсті форма мен ақ көйлек. Басқа талап жоқ. Егер бұрын-соңды өзге форма алынып қойса, оны киюге рұқсат», - деп жазды басқарма басшысы өз Facebook парақшасында.
Айта кетейік, Түркістан облысында 906 мемлекеттік, 53 жекеменшік мектеп бар.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.