Оқиға Төле би ауданында болған. «Tоyota Alphard», «Tоyota Land cruzer 200», «Tоyota Camry», «Mersedes Benz», «Chevrolet Cruze», «Ваз-21099» автокөліктері кортеж жасап, мектеп бітіруші түлектерді алып жүрген.
Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері автокөлік басқару кезінде жолаушылардың қауіпсіздігін сақтамай, тасымалдау ережелерін бұзған көлік иелерін жауапқа тартты.
«Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі бойынша 4, 593-бабы 1-бөлігімен 7, 595-бабы 1-бөлігімен 3 әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктер айыптұраққа қойылды. Бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатыр», - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.