Түркістан облысында «Мектепке жол» акциясы басталды

Фото: None
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Өңірде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.

Бұл туралы Түркістаноблысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысыныңадами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ардақ Садықова айтты.

2019-2020 оқу жылындакөмекке мұқтаж отбасынан шыққан балаларды әлеуметтік көмекпен қамту мақсатында«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы биыл шілде айынан басталып отыр. Акцияқыркүйек айының соңында аяқталады.

«Акцияның мақсаты – азқамтамасыз етілген және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасыныңқамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындықкезеңінде көмек көрсету. Өткен 2018-2019 оқу жылында акция барысында облысбойынша 25509 аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылар, жетім балалар мената-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жалпы 201 млн. 456 мың 101 теңгекөлемінде материалдық көмек көрсетілді. Соның ішінде 3807 балаға бюджетқаражаты есебінен – 483 251 теңгеге, қалған 21702 балаға бюджеттен тысдемеушілер қаражаты есебінен – 200 млн. 972 мың 850 теңгеге материалдық көмеккөрсетілген», – деді А. Садықова.

Айта кетейк, Акцияныжоғары деңгейде өткізу мақсатында іс-шара жоспары түзіліп, жүйелі жұмыстар атқарылады.

Соңғы жаңалықтар