Мұндай әрекеттер Кентау қаласы әкімдігінің Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы, сондай-ақ құрылыс және сәулет бөлімдерінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кезінде тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы мәселені талқылауға арналған жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғ.Асанұлы мен Кентау қаласының әкімі Д.Мақажанов, дербес бөлім басшылары мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын-үй инспекциясы мен сәулет және құрылыс бөлімдерінің қызметкерлері, арнайы мониторингтік топ мүшелері мен ауыл әкімдері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Мамандардың жүргізген талдауы баспанаға мұқтаж адамдарды есепке алудың бөлек және баспана алған адамдардың тізімдерінің, сондай-ақ соңғы жиырма төрт ай iшiнде тұрғын үй алған адамдардың тiзiмi мерзімді баспасөз басылымдарында және жергілікті атқарушы органның интернет-ресурстарында мүлдем орналастырылмағандығын көрсетті.
Сонымен қатар, қолданыстағы Заң талаптарына сәйкес мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға тұрғынжай барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап, тiзiмдерде белгiленген кезектілік тəртібі толығымен орындалмағандығынын көрсетеді. Талдау барысында кезекке тұрмаған азаматтарға пәтер беру деректері анықталды.
Аталған жағдайлар қолданыстағы Заң талаптарының бұзылғандығын және тұрғынжайларды бөлу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындағанын көрсетеді. Анықталған кемшіліктерді жою мақсатында талдау қорытындысы Кентау қаласы әкімінің және бөлім басшыларының қатысуымен талқыланып, енгізілген ұсыныстардың орындалуын қатаң бақылау қажеттігі ескертілді.
Жиын соңында өңірде орын алған сыбайлас жемқорлық деректері бойынша арнайы әзірленген бейнеролик жиынға қатысушылардың назарына ұсынылды.