Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі жандар сайлауға белсенді қатысуда
14:01, 20 Қараша 2022
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында мүгедектігі бар жандар белсенді дауыс беріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сайрам ауданына қарасты Манкент ауылдық округіндегі №604 сайлау учаскесіне келген І топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат Данияр Мамадиев алғашқылардан бірі болып өз таңдауын жасады. Сайлау учаскесінің төрағасы сайлауға келіп өз азаматтық белсенділігін танытқан азаматқа ризашылығын жеткізіп, сыйлық табыс етті. Ал, Жетісай ауданы бойынша 75 сайлау учаскесіне ерекше жағдайларды қажет ететін мүгедектігі бар 1151 сайлаушы тіркелген.