Түркістан облысында мыңнан астам жүргізуші мас күйінде көлік айдаған
09:18, 15 Қаңтар 2023
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері өткен жылы 647 960 құқық бұзушылықты анықтап, шара қолданған. Оның ішінде автоматты түрде жылдамдықты өлшегіш құралдарының көмегімен жалпы 282 мыңға тарта құқық бұзушылық тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Түркістан облысының тәртіп сақшыларымен көлікті мас халде тізгіндеген 1000-нан астам жүргізушіні құрықтады. Ал жылдамдықты асырумен 274 мыңға жуық жүргізуші жауапқа тартылған. Қарсы бағытқа шығу бойынша 700-ден астам жүргізушіге шара көрілген. Көлік басқару кезінде ұялы телефон қолданған 7431 тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылған. Ал қауіпсіздік белдігін тақпау бойынша 41 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған», - деп жазды ведомстводан.
Облыс бойынша 870-тен астам жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылған. Жол ережесін бұзған 40 мыңға жуық жаяу жүргінші жауапқа тартылған.