Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Ордабасы АПБ жеке құрамының күшімен жолдарды тазарту және жолда қалып қойған автокөліктер мен адамдарға көмек көрсету жұмыстары атқарылуда. Қазіргі таңда автокөліктің барлық түрлері үшін А-2 «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент» Республикалық маңызы бар а/ж 654 шақырымында, Түлкібас ауданының Машат ауылы тұсында жол жабылған.
Сондай-ақ, облыстық маңызы бар ШҚ-56 «Жамбыл-Құмкент-Шолаққорған-Ащысай» а/ж 44-124 шақырымындағы учаскесінде барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылған.
Бәйдібек ауданындағы ШҚ - 1, Қошқарата-Жарықбас-Бірлік облыстық маңызы бар жолдарда қозғалыс уақытша тоқтатылды және Ордабасы ауданы Шұбар ауданындағы М-32, Самара-Шымкент тас жолдарында қозғалыс шектелген.
Бұған дейін Созақ ауданында баратын облыстық маңызы бар ШҚ-2 «Ұланбел-Созақ-Екпінді»а/ж 576-623 км учаскесінде қозғалыс жабылғанын хабарлаған болатынбыз.
Өңірдің полицейлері тәулік бойы кезешілік ұйымдастырып, жолда қалған көліктер мен жолаушыларға қол ұшын созуда.