Басқарма басшысының сөзінше, өңірде қой-ешкі саны 4,1 млн басты құрап, республикадағы үлесі бірінші орынға тұрақтаған.
Сондай-ақ, жылқы 320,5 мың, түйе 28 мың, құс 2,04 млн басты құраған. Нәтижесінде, аймақта ет өндіру 5%-ға артып, 222 мың тоннаға жеткен. 699 мың тонна сүт және 188,1 млн дана жұмыртқа өндірілген. Шаруа қожалықтары 9,6 мың тонна етті Өзбекстан, Иран, БАӘ елдеріне экспорттап, бұл республикадағы экспорттың 54%-ын құрап отыр.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында облыста 38 ет өңдеу кәсіпорынында 19,6 мың тонна ет, 35 сүт өңдеу кәсіпорынында 59,1 мың тонна сүт, 34 жеміс-көкөніс өңдейтін кәсіпорында 24,6 мың тонна жеміс қайта өңделген. Бұл көрсеткіш 39,7 млрд теңгені құрап, 2,2 млрд теңгеге артқан.