Аталған шара тұрғындардың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру мен өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін жаңғырту мақсатында облыс көлемінде ұйымдастырылып, оған барлық аудан-қалалардың жастары мен тұрғындары қатыстыАкция аясында облыстың барлық аудан-қалаларындағы жергілікті тұрғындар өз үйлері мен елдімекендердегі әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандардың сыртына мемлекеттік ту іліп қойды. Осылайша мереке күні халыққа патриоттық рух сыйлады. Облыс орталығы Түркістан қаласынан бастау алған шарада облыстағы 20-дан аса тұрғын үй мен ғимараттың балкондарына, терезелеріне 300-ден аса мемлекеттік ту ілінді. Оған 200-ден аса жас пен жергілікті тұрғын атсалысты. Сонымен қатар, Түркістан қаласы – «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратына және көпқабатты тұрғын үйлердің балкондарына – 36 мемлекеттік ту ілінді.
Ал, Арыс қаласында Батырлар алаңы мен Әйтеке би көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлерге 16 мемлекеттік ту қойылды. Кентау қаласында да көпқабатты тұрғын үйлердің балкондарына және Сарыағаш қаласындағы мәдениет үйінің сыртқы алаңы мен жаңа баспаналардың балкондары 86 мемлекеттік ту орнатылды. Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласындағы тұрғын үйлер мен орталық алаңдарға 30, Шардара қаласында үйлердің терезелеріне 16 мемлекеттік ту ілінді. Жетісай қаласындағы жастар да көпқабатты тұрғын үйдің терезелеріне 16 мемлекеттік туды қойды.Сондай-ақ, арнайы хештегпен әлеуметтік желілерде постар, мемлекеттік тумен түскен фотолар мен бейнероликтер жарияланып, акция халықтық сипатта жалғасын тапты.