Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Нұрсұлтан Слан айтты.
«Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Вакцина салдырғандардың арасында кері әсер тіркелген жоқ» - деді Н.Слан.
Жиында Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері Райымбек Тасырбаев коронавирусқа қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында екпе алуға ниетті азаматтардың саны артып келе жатқанын айтты.
«Екпе жұмыстарын жүзеге асыру жоспарланған іс-шараларға сәйкес мерзімінде атқарылуда. Сонымен қатар, облыстағы медициналық ұйымдарда дәрілік заттар мен медициналық жабдықтардың аса қажетті тізімі бекітіліп, 2 айлық резерв қоры қалыптастырылды. Жедел жәрдем қызметі 122 автокөлікпен қамтамасыз етіліп, автокөліктер паркі 96%-ға жаңартылды», - деді Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері Райымбек Тасырбаев. Соңғы екі аптада өңірде коронавирусқа шалдығу - 148, пневмония - 11 жағдайға төмендеген. Дегенмен, дәрігерлер сақтық шараларын ұстану қажеттігін ұмытпау керектігін ескертеді.