Марат Орынбасарұлының сөзінше, дәрігерлер жасөспірімдерді медициналық тексеруден өткізуде. Содан кейін қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда екпе егуде.
«Қазіргі уақытта облыс бойынша «Pfizer» вакцинасын қабылдағандар саны –9098 адамды құрайды. Оның ішінде 7005-і жасөспірімдер болса, 1424 жүкті және лактация кезіндегі 669 әйелдер. Мекемелерде профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Екпе егетін медицина мамандары арнайы оқытудан өткен«,-деді облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы.
Айта кетейік, Түркістан облысына «Pfizer» вакцинасының 17550 дана мөлшеріндегі екінші партиясы жеткізілген болатын.
15:05, 23 Қараша 2021
Түркістан облысында Pfizer вакцинасы 9 мыңнан астам адамға салынды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 9 мыңнан астам оқушы мен жүкті және лактация кезеңіндегі әйелдерге «Pfizer» вакцинасы салынған. Бұл туралы облыстың бас дәрігері Марат Пашимов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.