Түркістан облысында полицейлер жүргізушілерге бауырсақ таратты

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандарды еске алып, құран бағыштады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қараша айының үшінші жексенбісі - Дүниежүзілік жол-көлік апатынан қаза болғандарды еске алу күні болып бекітілген.

Бұл күнді атап өтудегі мақсат – жол апатынан ажал құшқан марқұмдарды еске алып, өзгелерді де жолдағы апаттардан сақтандыру.

Осы орайда Түркістан облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметіне бағынысты патрульдік полиция батальонының жеке құрам қызметкерлері жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандарды еске алып, құран бағыштады.

Сонымен қатар, жол бойында жүргізушілерге бауырсақ таратып, жол жүрісі ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертті.