«Түркістан облысында жыл басынан бері Ресей көліктерімен 150 жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 52 адам қаза тапты және 151 адам жарақат алды. Бұған қоса жол ережесін елемейтін жүргізушілер шетелдік, тіркеусіз автокөліктерімен 55 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны белгілі болды. Оларға 900 миллионнан астам айыппұл салынды», - деп атап өтеді департаменттен.
Ведомствоның нақтылауынша, оның ішінде белгіленген жүру жылдамдығын арттырған 23 683 жүргізуші анықталды. Жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін, мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамаудың – 4 485, жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзып, жолдың жүру бөлігін кесіп өтудің - 1 378, жол белгілері мен жолдың жүру бөлігіндегі белгілерде көрсетілген талаптарды сақтамаудың 4 479 дерегі әшкереленген.
«Ал ҚР ӘҚБтК-нің 602-бабы бойынша - 3 836, 614-бабы бойынша - 2 509, 630-бабы «бойынша 2 560 факті орын алды», - делінген таратылған ақпаратта.