Түркістан облысында республикалық маңызы бар жолдар күрделі жөндеуден өтуде

Фото: None
КЕЛЕС. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар жолдар күрделі жөндеуден өтуде. Қазір Келес ауданы арқылы өтетін «Жызақ-Жетісай-Қызыләскер-Абай-Сарыағаш-Жібек жолы» автомобиль жолының 31 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоЖол»Ұлттық Компаниясы» АҚ Түркістан облыстық филиалының тапсырысымен жүргізіліпжатқан жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, ағымдағы жылдың мамыр айынан мердігер мекеме асфальт төсеуде.

Қазан айының соңындапайдалануға берілуі тиіс жолды аталған аудан әкімі Ақментай Есбаев арнайы барып көрді. Ол жауапты тұлғалармен бірге жұмыс барысын бақылауда. Қазір жүргізушілер облыстық маңызы бар КХ-72 «Абай –Шардара» айналмажолымен өтуде. Ауданда сондай-ақ, Абай ауылындағы ішкі көшелердіңбасым бөлігін орта жөндеуден өткізу жоспарланған. Әзірге 23 көшенің сметалыққұжаттары әзірленіп, облыстық қаржы басқармасы тарапынан тиісті қаржы қаралып жатыр. Атап айтқанда А.Мамытбекұлы мен Д.Қонаев көшелеріне асфальт төселіп, жарықшамдар мен суағар орнату жоспарланды. Ал, Т. Рысқұлов көшесіне орта жөндеужұмыстары жүргізіліп, ауылдың басымкөпшілік көшелеріне тас төселмек.

Бүгінгі таңда ауыл аумағындағы Жамбыл, Асан қайғы, Б.Қырғызалиев, Т.Рысқұлов,Д.Қонаев, Ә.Сатбаев көшелері бойларына жол бөлу сызықтары сызылып, бірқатаркөшелердің білім беру мен әлеуметтік мекемелері орналасқан тұстарына тиісті жолбелгілері орнатылды.

Соңғы жаңалықтар