«Ауыл шарушылығын механикаландыру және автоматтандыру» ғылыми орталығында өткен семинарға аудан әкімі Ақментай Есбаев пен ауылдық округтердің әкімдері, шаруалар мен дихандар қатысты. Басқосуда ғалымдар мен сала мамандары жаңа технологияларды егістік алқаптарында қолдану жайын жан-жақты талқылады.
Семинарда аталған орталықтың өкілі Бердияр Қалымбетов ғылыми жобаның тәжірибесімен бөлісті. Онда заманауи технологияның күшімен егін егіп, жылына үш рет өнім алуға болатындығы түсіндірілді.
«Аудан бойынша 29 жобаға аталған тәжірибе қолданылуда. Бүгінде бұл шаруалармен тығыз байланыс жасаудамыз. Болашақта Келес ауданының жері құнарлығын ескеріп, егін шарушылығын заманауи технология көмегімен алуды жоспарлап отырмыз», - деді Бердияр Қалымбетов.
Жиын барысында аудан әкімі Ақментай Есбаев ғалымға аудан аумағында МТЗ орталығын ашуды ұсынды. Ол үшін аудан әкімдігі тарапынан қолдау көрсетілетіндігін жеткізді. Шаруаларда ғылымға негізделген жүйені қолдайтындығын білдірді.