Өмірге сәби әкелген нәзік жандарға жылы лебізін білдіріп, тарту-таралғы жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ана – өмірдің гүлі, тіршіліктің нұры, мейірім мен ізгіліктің жаршысы. Әйел - бүтін бір шаңырақтың шамшырағы. Ендеше мерейлі мерекеде Сіздерге тек шаттық пен қуаныш тілеймін. Әрдайым ақпейіл де қамқор, адал да, үлгілі қалыптарыңыздан айнымай жүре беріңіздер», - деді облыс әкімінің орынбасары.
Түркістандық шенеуніктер сондай-ақ, уақытпен санаспай әрі мереке күні жұмыста жүргендерге де ізгі тілектерін жеткізді.
Айта кетейік, аталған орталықта 656 маман жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі нәзік жандар. Яғни, 609 қыз-келіншектің арасында дәрігерлер мен медицина ғылымдарының кандидаттары және денсаулық сақтау саласының үздіктері бар.
«Сіздер мереке күндерінде де жұмыс істеп, балалы болған отбасылардың қуанышына себепкерсіздер. Шын жүректен қолдау көрсеткендеріңіз үшін және науқастарға күн сайын көрсететін қажырлы қызметтеріңіз үшін алғысым шексіз», - деді облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы.
Жалпы, Түркістан облысы бала туу бойынша елімізде көш бастап тұр. Жыл басынан бері облыста 10 мыңнан астам сәби дүниеге келген. Ал, облыстық перинаталдық орталығында дүние есігін ашқан 1571 баланың 38-і егіз болса, біреуі үшем.