Түркістан облысында шетелдік автокөліктерді тіркеу 3 ХҚО-да жүргізіледі
Биылғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға әкелінген шетелдік автокөліктерді Түркістан, Сарыағаш қалаларындағы және Сайрам ауданының Ақсукент елдімекенінде орналасқан ХҚКО-да заңдастыруға болады. Ал, заңдастыруға жатпайтын көліктер елден шығарылуы тиіс немесе оларды бөлшектеп сатуға тура келеді.
«Шетелдік көліктерді заңдастыру келесі жылдың басынан шілде айына дейін жүргізіледі. Оған іздеуде жүрген, кедендік тазартудан өтпеген және 2022 жылғы 1 қыркүйектен кейін әкелінген автомобильдер жатпайды. Ал, тіркелуге жататын автокөліктердің шыққан жылына және экологиялық санатына талаптар қойылмайды», - деді Алмасхан Тастанбеков.
Айта кетейік, Ресей Федерациясынан елге келген 300 мыңға жуық көліктің 12 мыңнан астамы Түркістан облысында жүр. Сондай-ақ, өңірде Армениялық 500-ден астам көлік бар.