Түркістан облысында соңғы 6 тәулікте covid-19 инфекциясы тіркелмеді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы бойынша соңғы 6 тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған науқас тіркелмеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде облыстағы инфекциялық стационарларда 900 төсек-орын жасақталып тұр. Қазіргі таңда 775 төсек-орын бос.

Пандемия басталғалы індеттің 18 470 жағдайы тіркелді. Оның 9586-да симптом байқалмаған. Облыс аумағында 150 екпе қабылдау бекеті жұмыс істеп тұр.

Вакцинаның бірінші компоненттін 1 047 309 адам салдырса, 462 427 тұрғын ревакцинациядан өткен.

Жалпы Түркістан облысында «Pfizer» вакцинасының І компонентін – 205 229 адам, II компонентін 163 146 адам қабылдаған.