Түркістан облысында суға кеткендердің жартысынан астамы – балалар

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында шомылу маусымы басталғалы 49 адам көз жұмды. Соның жартысынан астамы – кәмелетке толмаған балалар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Сұлтанғали Смайлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы жылдың басынан бері жазатайым оқиғалар салдарынан 49 адам көзжұмды. Оның 28-і кәмелетке толмаған балалар болса, 21-і ересек адамдар. Атапайтқанда, 13 бала ата-ананың қарауынсыз қалған. 8 бала рұқсат етілмеген жердешомылған. Кәмелетке толмаған 2 бала Сарыағаш, Мақтаарал аудандарында шомылуғаарналған демалыс орталықтарының бассейндерінде және 2 адам балық аулау кезінде ажалқұшты. Сондай-ақ құдықтар мен септиктерге түсіп кетіп, көз жұмғандар да бар», – деді С. Смайлов.

Қайғылы оқиғалардыңнегізгі себептері: шомылуға рұқсат етілмеген орындарда шомылу; жүзе білмеу жәнеөз күшін дұрыс бағаламау; балаларды су жағалауында үлкендердің қарауынсызқалдыру; жеке құтқару құралдарынсыз балық аулау; алкоголді ішімдіктердіпайдаланып суға шомылу.

Сондай-ақ департаментбастығының орынбасары орман өрттеріне қатысты ахуал жөнінде мәлім етті.

«17 мамырда облыс аумағындағы орманшаруашылығына тиісті мекемелердің қатысуымен созылмалы табиғи өрттерді сөндірубойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Сондай-ақ қала, аудан әкімдіктерітиісті ауыл округтерінде жалпы 11626 адамнан тұратын 979 ерікті өрт сөндіруқұрылымы, сонымен қатар Сайрам, Түлкібас, Қазығұрт аудандарында өрт сөндірубекеттері құрылды. Облыстағы 12 орман шаруашылығы жазғы өрт қауіпті маусымғадайындық жұмыстарын толық жүргізілген. Жылбасынан бері орман қоры жерлерінде өрт қауіпсіздігі қағидасын бұзу бойынша 10жеке тұлғаға хаттама толтырылып, 164125 мың теңге айыппұл салынып, өндірілді», – деді С.Смайылов.

Соңғы жаңалықтар