Оқиға Отырар ауданында болған.
Сырдария өзеніндегі автокөлік көпірінің маңында 11 адам суға түсуге арналмаған жерде суға түсіп, батып кетті.
Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары әзірге судан 6 мәйітті шығарды.
Қазір олардың кім екені және жасы анықталып жатыр.
Бес адамды іздеу жұмыстары жалғасуда.
«Облыстық ТЖД жедел штаб құрып, қауырт желі жұмыс істеп тұр. Нөмірі: 8-7253-357881. Оқиға орнына 144 адам, 16 техника, 6 қайық және дрон жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар, полиция департаменттері, жергілікті атқарушы органдар жұмыс істеп жатыр. Бұл - жедел ақпарат және өзгеруі мүмкін» делінген Түркістан облысы ТЖД таратқан ақпаратта.