«Түркістан өңіріндегі аймақтарда су тапшылығын шешу үшін бірнеше су нысанының құрылысы басталып, былтыр 2 нысан пайдалануға берілді. «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасын салғанның арқасында жылына қосымша 34 млн текше метр ағын су жеткізуге мүмкіндік пайда болды. Ал Түркістан магистралды каналының 59 шақырымын бетондау арқылы 60 млн текше метр су үнемделді», - деді ол.
Әкімнің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады.
«Бұдан бөлек, «Бәйдібек ата» және «Боралдай» су қоймалары салынады. Өңірде каналдарды тазалау, жөндеу жұмыстары тұрақты жалғасып жатыр», -деді Дархан Сатыбалды.