Түркістан облысында тау басынан құлап кеткен турист әлі табылған жоқ

Фото: Кадр из видео/ t.me/qr_tjm
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында тау басынан құлап кеткен туристі іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құтқарушылар таудан құлап кеткен туристің денесін іздеу жұмыстарының видеосын бөлісті.

«Құтқару-іздестіру жұмыстарына ауа райының қолайсыздығы кедергі жасап отыр. Жолдың кейбір бөліктері шамамен 70 градус бұрышты құрайтын биік шатқалдардан тұрады. Бұл қар аралас жауын-шашынмен қабаттасып, құтқарушылардың жоғары қарай көтерілуін қиындатуда» - делінген Түркістан облысы ТЖД таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, бұдан алдын Түркістан облысында тауған шыққан 56 жастағы азамат абайсызда шың басынан құлап кетіп, қайтыс болғанын жазған болатынбыз.