Түркістан облысында теңіз деңгейінен 2 мың метр биікте Мақпалкөл атты көл бар

Фото: None
ҚАЗЫҒҰРТ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы Өгем тауының қойнауында теңіз деңгейінен 2 290 метр биіктікте Мақпалкөл атты көл бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көлдің аумағы - 2000 шаршы метр. Тереңдігі - 15 метр. Суы тұщы. Қазіргі таңда туристік әлеуеті жоғары мекенге айналған.

Онда бару үшін көлікпен Диірменбастауға дейін жетуге болады.

Одан соң көлге дейін жаяу соқпақ жолмен жүруге тура келеді.

Мақпалкөл туристік аймағының жалпы қашықтығы көлге барып-келуін қосқанда 45 шақырым.

Бір бағытта 22,5 шақырым болса, Диірменбастауға дейін 6-7 шақырым, қалғаны 19-20 шақырым жаяу жол.