САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Сарыағаш ауданында «Терезедегі Ту» акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жастардың патриоттық сезімін арттыру, Мемлекеттік рәміздердің құндылығын дәріптеу мақсатында өткен іс-шара барысында аудандағы көп қабатты үйлердің терезелеріне Мемлекеттік Ту ілінді.
Сондай-ақ, «Менің Туым – менің Қазақстаным» мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды. Онда зиялы қауым өкілдері мен ақсақалдар аудан тұрғындарын мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге шақырып, оны әрқашан биік ұстау міндет екеніндігін атап өтті.
Акция аясында әуелеген ән шырқалып, студент жастар дайындаған патриоттық флешмоб көрсетілді.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.