ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында тергеуге түскен азаматтарды азаптауға жол берген 4 полиция қызметкері бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы облыс прокуроры Мұрат Тілеубердиев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Түркістан облысында кезекші прокурорлардың жұмысы жандандырылып, құқық қорғау органдары ғимаратына кіріп-шығу жағдайына бақылау күшейтілді. Сондай-ақ, прокуратураның ықпалымен құқық қорғау органдары ғимараттарындағы «соқыр аймақтарды» жою бағытында 3 мыңнан аса бейнекамералар орнатылды.
«Кейінгі 6 айда прокуратураға тергеуге түскен азаматтарды азаптауға қатысты 25 арыз тіркелді. Биыл сот үкімімен азаптауға жол берген Ордабасы аудандық полиция басқармасының 4 полиция қызметкері бас бостандығынан айырылды. Бұл істі арнайы прокурорлар жүргізді», - деді облыс прокуроры.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.