Коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, жыл басынан бері облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды.
Сонымен, қаңтар, ақпан айларында індетті жұқтыру деңгейі 58% төмендеген.
Наурыз айының бірінші жартысында да тұрақтылық байқалып отыр.
1 қаңтар мен 14 наурыз аралығында өңірде 4 352 адам індет жұқтырса, соңғы тәулікте - 8 жаңа КВИ жағдайы тіркелген.
Түркістан облысында 9 полимеразды тізбекті реакция (ПТР) зертханасы жұмыс жасайды.
Пандемия басталғаннан бері 531 855 адам тексеруден өткен.
Сонымен қатар, облыста пневмонияға шалдығушылар саны да 25% азайып отыр.
Елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Түркістан облысы тұрақты түрде «жасыл аймақ» қатарында келеді.