Айталық, күні кеше ғана Сайрам ауданы Арыс ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер Қосимбек Тәжиев пен Сирожиддин Эгембердиев екеуі бірігіп, тамшылатып суғару əдісімен 21 гектар жерге пияз ұрығын сепсе, 3 гектар жерге пияз көшетін отырғызды.
Бұл мақсатқа олар 13 млн теңге жұмсапты.
«Еліміздегі төтенше жағдай шаруаларға қолбайлау болып отырған жоқ. Ең бастысы- сақтық шараларын барынша ұстанып, егін егіп жатырмыз. Мұндай шақта қарап отыруға болмайды. Қазір нағыз егін егу науқаны. Мемлекеттен қажетті қолдауларды атап айтсақ, арзандатылған жанар-жағармайды алып отырмыз»,-дейді Қосимбек Тәжиев.