Түркістан облысында «Трамадол» препаратын заңсыз сақтаудың 6 дерегі анықталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында «Трамадол» препаратын заңсыз сақтаудың 6 дерегі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бір аптада «Трамадол» психотроптық препаратын заңсыз сақтаудың 6 дерегін анықтады. Оның ішінде 4 жайт Сарыағаш ауданында анықталса, қалғаны Түркістан қаласы мен Шардара ауданында тіркелді.

«Қазіргі таңда аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілерден «Трамадол» препаратының 30-дан астам таблеткасы тәркіленді» - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.