ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жеке тұрғын үй өртеніп, 13 жасар екі бала қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Сауран ауданы Бабайқорған ауылында болған. Ш. Қалдаяқов көшесінде орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, жалын 180 шаршы метрді шарпыды. Бірінші қабаттың төбесі опырылып, құлап түскен. Оқиға орнынан 13 жасқа енді толған екі жасөспірімнің денесі табылды.
Өртті сөндіруге төтенше жағдай департаментінің 24 қызметкері мен 7 техникасы, полиция департаментінің 9 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.