Түркістан облысында үш жасар қыз суға ағып кетті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында үш жасар қыз арыққа батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 шілде күні сағат 22:30-да Түркістан облысы Келес ауданы Қызыләскерауылында жеке үйге жақын маңда ересектердің қарауынсыз қалған 2016 жылғыбүлдіршін су ағатын арыққа құлап түсіп, батып кетті.

«Құрметті азаматтар, ата-аналар! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Су айдындарында,жолда, үйде балалардың жүріс-тұрысын қадағалап, оларға қауіпсіздік ережелерінүйретіңіздер. Қас-қағым сәтте оларды жалғыз қалдырсаңыздар, өмірлеріне қауіптөнуі мүмкін», - деп ескертті ТЖК.



Автор: Ақбота Күзекбай

Соңғы жаңалықтар