Сала мамандарының сөзінше, жарық шағылыстыратын алқаның арқасында жүргізушілер малды 400 метр жерден байқай алады. Бұл шаралар «Мал – жан Аман» акциясы аясында ұйымдастырылып отыр.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында аудан әкімдігі ұйымдастырған шараға «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ демеушілік жасаған. Компания өтеусіз негізде 15 мыңға жуық жарық шағылыстырғыш таспаларды беріп отыр. Осыған орай жергілікті тұрғындардың қатысуымен жиналыс өтіп, онда сөз алған Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов түнгі уақытта жолға малдың шығып кетуінен оқыс оқиғалар да жиі орын алып отырғанын атап өтті. Тұрғындар өз тараптарынан қауіпсіздік шарасына мүдделі екендерін танытып, алдағы уақытта сақтық шараларын ескеретінін жеткізді.