Түркістан облысында үздік әлеуметтік жобалар іріктелді
Басқосуда аталған сала бойынша басқарма басшылары мен үкіметтік емес ұйым өкілдерінен құрылған комиссия мүшелері жобаға қатысушыларды жеке –жеке тыңдап, жұмыстарымен танысты.
Айта кетейік, «Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасының» мақсаттарын іске асырып, партияның «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» жобалары арқылы өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуді мақсат еткен жобаға 8 үміткердің жұмысы ұсынылды.
Атап айтар болсақ, Еркін Шалтан «Биікке самға», Шоқан Байсенгіров «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз», Хамзе Оразәлі «Сенім», Бабиржан Асаев «Өмірге құштарлық», Владислав Голярко «ЭкоЭволюция», Біржан Саржанов «Біз біргеміз», Айдос Иманбеков «Жастарға жарқын болашақ», Талғат Исмаилов «Бақытты балалық шақ» жобаларын таныстырды.
Жиын қорытындысына сәйкес үздік жобалар анықталып, «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» республикалық конкурсына ұсынылды.