Соңғы тәулікте 11 070 адам екпе қабылдаған. Облыста 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен (ревакцинация) 363 100 адам вакцина салдырды.
Түркістан облысының 2088 тұрғыны отандық QazVac-ты ектірген.
Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac, Hayat Vax және қытайлық CoronaVac вакциналарын қабылдай алады.
Соңғы тәулікте Түркістан облысында 77 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім - 1,02 %. Облыста 846 038 ПТР сынама алынған.
Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 1504 адам тексерілді.
Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 1200 орын бар, оның 570-і бос.
Жалпы, пандемия басталғалы Covid-19 инфекциясы расталған 7554 жағдай тіркелді.
Оның 4773-де ауру симптомсыз өткен болатын.