Келес ауданында кәсіпкер Байбек Қонысбаев «Абай» Келес аудандық ауруханасына 25 оттегі (кисларод) баллонын тарту етті. Қошқарата ауылдық округінің тұрғыны елде қиындық туындаған кезеңде қолұшын беру әр азаматтың адами борышы екенін айтады.
Аталған аурухананың бас дәрігерінің мәліметінше, бүгінгі таңда індеттің тарауы біршама бәсеңсіген. Оған себеп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарының сәтті жүруі мен демеушілер тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау. Ал, Арыс қаласының мешіт қызметкерлері бірлесіп, қалалық ауруханаларды 40 дана оттегі баллонымен қамтамасыз етті. Ізгілік пен парасаттылық, таза ниет пен адамгершілік сынға түскен уақытта жасалған имамдардың қайырымдылық істері әлі де жалғасын таппақ.