Облыстық инвестиция және экспорт басқармасының мәліметінше, 2021-2023 жылдар аралығында уағдаластық бойынша өз міндетін толық орындамаған 27 жер қойнауын пайдаланушының келісімшарты мерзімінен бұрын тоқтатылған. 2 іс бойынша жер учаскесі мемлекетке қайтарылса, тағы 11 факті негізінде сотқа талап-арыздар жолдануда.
«Лицензияны берген соң, келісімшарттың әрбір бөлігі орындалуын қадағалау керек. Өкінішке қарай, әлі де заңсыздықтар тоқтамай тұр. Сондықтан лицензияға қатысты құжаттарды қатаңдатуды тапсырамын. Лицензиялау шарттары өзгертілсін. Әрбір жер қойнауын пайдаланушы тек өзіне бекітілген аумақты ғана қазып, жұмыс істеуі қажет. Өзендердің арнасын кеңейтуге, экожүйені бұзуға жол берілмейді», - деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Өңірлік полиция департаментінің дерегінше, жер қойнауын заңсыз пайдалану әрекеттер негізінен Ақсу, Бадам, Келес өзендерінің бойында анықталған. Ал Кентау қаласы мен Отырар ауданы аумағында өзіне тиесілі емес жерлерді қазу деректері жиі кездеседі.
Фото: facebook.com/ontustik.gov.kz