Сарыағаш, Жетісай, Мақтаарал аудандарында өткен рейд кезінде жолауылар тасымалы ережелерін бұзған бірнеше такси жүргізушілері анықталды. Шара нәтижесінде, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, қоғамдық көліктерге қатысты 12 хаттама түзілді. Бекітілген жұмысшы топ тарапынан жергілікті әкімдікке жеңіл такси көліктеріне арнайы тұрақ ұйымдастырып, заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын көлік иелерінің хабарламаларын тіркеу тапсырылды. Сондай-ақ, қысқа мерзім ішінде барлық жолаушылар көлігімен айналысатын көліктердің жұмысын заңдастыру жүктелді.
Алдағы уақытта аудан, қала әкімдіктерінде заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою мақсатындағы жұмыстар тұрақты жүргізілетін болып шешілді.