«Бірлескен рейдтік шараларды облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастырды. Оған Ордабасы ауданы және Түркістан қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ, шараға Түркістан облысының Көліктік бақылау инспекциясы мен Түркістан облысының полиция қызметкерлері де атсалысты», делінген хабарламада.
Өткізілген рейд нәтижесінде ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес, жолаушылар көлігіне қатысты 12 хаттама жасалды. Сонымен қатар, жолаушылар тасымалымен айналасатын көлік жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.